Атырауда құны 2 бөлмелі пәтерге татитын жылы аялдамалар толыққанды жұмыс істемей тұр

0
1 665

Аялдаманың ерекшелігі - қыста жылы, жазда салқын. Мұнда сондай ақ тегін Уай-фай мен бақылау бейнекамера болуы тиіс еді. Бірақ олар іске қосылмаған.


Атырауда құны 2 бөлмелі пәтерге татитын жылы аялдамалар толыққанды жұмыс істемей тұр

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Атырауда құны 14 млн 300 мың теңге тұратын жылы аялдамалар салынды. Бірақ жергілікті тұрғындар 19 аялдаманың қызығын көре алмай жүр. Өйткені олар кешкі 9-да жабылып қалады. Қалалық коммуналды шаруашылық мамандары, аялдамаларды осылайша бұзақылардан қорғап жүр екен, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл - қала көшелерін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары аясында салынған жылы аялдамалар. Аядай ғана бөлменің құны – 14 млн 300 мың теңге. Аялдаманың ерекшелігі - қыста жылы, жазда салқын. Мұнда сондай ақ тегін Уай-фай мен бақылау бейнекамера болуы тиіс еді. Бірақ олар іске қосылмаған.


Күн суық екенін көріп тұрсыз, кірейік десек, есігі кілттеулі. Ашатын тұтқасы да жоқ. қайда барамыз енді. Осындай уақытта аялдама ашық тұрғаны жақсы еді. Кірген күннің өзінде кейбір жерлер лас болады. Қаншама миллиардтаған ақша кетті осы аялдамаға, - дейді Атырау қаласының тұрғыны Рашида Камиева.


Аялдаманы жауып тастаудың себебі бар. Тұрғындар салғырттық танытып, ішін шашып кетеді екен. Ал, қаңғыбастар мен бұзақылар мүлікті қирататын көрінеді.


Кешке сағат сегіздерде тоғыздарда аялдама жапқан кезде белгісіз адамдар кіші дәреттерін сол себептен оны жинап, иісін кетіру мақсатында аялдамалар кешіктіріліп ашылады, - деді Атырау қалалық тұрғын коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Мұхтар Сағандықов.


Шаһарда мұндай 19 жылы аялдама бар. Соның жетеуі мемлекет меншігіне қабылданыпты. Олардың өзі жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Кәсіпкерлер жарнама арқылы пайда табады деген сенім бар. Алайда оның тетіктері әлі күнге реттелмеген.


Біздер қараша айында алдық сенімгерлік басқаруға. Қазіргі уақытта барлық нәрсе шетелден келетін болғандықтан оның құралдары. Тапсырыс беріп қойдық. 2021 жылдың аяғына дейін дайындауға болады. Уай-фай болмайды. Болмайтын себебі Қазақтелекоммен линиясы жоқ, - деді мердігер компания құрылтайшысы

Жасұлан Сүйекенов.


Әр қайсысының құны, Атырауда 2 бөлмелі пәтерге татитын "алтын аялдамалар" тұрғындардың көңілінен шықпағандай. Өйткені, тапсырылғанына бір жыл өтсе де тұрғындар оны толық қанды пайдалана алмай жүр.