Атырауда мұнай өнімдері суға ағып кетті

0
710

Мамандар ағынды сулардың сынамаларын алып, оларды экология департаментіне қосымша талдау жүргізуге жіберді.


ERNUR.KZ. Атыраулық мұнай өндіруші зауыт құрамында мұнай өнімдері бар суды ағызып жіберген. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мониторинг барысында "АНПЗ" ЖШС-дегі ағынды суларды ағызу нүктесінде құрамында мұнай өнімдері бар ағынды су жіберілгені анықталды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Мамандар ағынды сулардың сынамаларын алып, оларды экология департаментіне қосымша талдау жүргізуге жіберді.

Бүгінде "АНПЗ" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр.

Зауыт өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"1 қарашада биологиялық тазарту құрылыстарының жұмыс режимінде ақау болып, ол уақытша биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына өтуіне себеп болды. Бүгінде технологиялық режимді ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, аталған жағдайды тергеуге арналған арнайы мамандар тобы құрылды", - дейді ЖШС өкілдері.