Атырауда облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіттің мүрдесі табылды

0
690

Атырауда облысында екі жігіттің бірі 6 күн бұрын, екіншісі кеше із-түзсіз жоғалып кеткен.


Атырауда облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіттің мүрдесі табылды

ERNUR.KZ. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, жоғалғандардың бірі 23 мамырда Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылынан жеке қайығымен балық аулауға барған. Ал, Махамбет ауданындағы Ақжайық ауылында тұратын екінші жігіт 28 мамырда мал жаюға шыққан, деп жазады inform.kz.

«Бүгін 29 мамырда сағат 15:55-те жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жылыой ауданында жолғалған 1991 жылғы ер адамның мүрдесін Қамыскөл көлінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал, сағат 16:15-те Махамбет ауданының Ақжайық ауылынан өріске мал айдап шыққан 26 жастағы жігіттің мүрдесі Жайық өзенінен жайылмаға шыққан тасқын судан табылды», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жоғалған жігіттерді іздеуге Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінен, аудандық полиция бөлімі мен жергілікті органнан 24 адам, 6 техника, 4 моторлы қайық тартылған.

«Қазір өңірдегі су айдындарында, әсіресе Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі әлі тұрақтаған жоқ. Өзен суы арнасынан асып, жайылмаға тарады. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарды су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Жайық өзенінде ағыспен ағып келген қоқыстар, ағаш қалдықтары және басқа заттардың адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіт табылмай жатқанын жазған едік.