Атырауда өрттен көз жұмған үш бала: Сотқа дейінгі тергеу басталды

0
453

Бұған дейін Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнында үш баланың денесі табылған болатын.


Атырауда өрттен көз жұмған үш бала: Сотқа дейінгі тергеу басталды

ERNUR.KZ. Атырау облысында өрттен үш баланың қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнында үш баланың денесі табылғаны хабарланған еді.

Кеше, 5 қазанда кешкі сағат 19:27 Махамбет ауданының Ортақшыл ауылындағы тұрғын үйдің жеке ауласына жиналған 22 орама шөп өрттенген.

«Оқиаға орнына аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілер сағат 19:45-те жетті. Өрт түнгі сағат 23:07-де сөндірілді. Алайда, 6 қазан сағат 00:02-де Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелетке толмаған 3 баланың баланың жоғалғаны туралы хабар түскен» деп мәлім етті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған 2014 жылғы - екі, 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылған.

«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабымен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды» - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.