Атырауда саудагерлер балалар алаңын базарға айналдырған

0
585

Сатушылар жақында санитария дәрігері сауда жасауға тыйым салған аймақтан қалдағы үлкен ойын алаңдарына көшіп келген.


Атырауда саудагерлер балалар алаңын базарға айналдырған

ERNUR.KZ. Атыраудың санитария дәрігері ашық базарларда сауда жасауға тыйым салғаннан кейін сатушылар балалар алаңына көшкен, деп жазады tengrinews.kz.

Портал мәліметіне сүйенсек, сатушылар жақында санитария дәрігері сауда жасауға тыйым салған аймақтан қалдағы үлкен ойын алаңдарына көшіп келген. Осындай орындардың бірі Атыраудағы Сәтпаев даңғылындағы балалар алаңы. Онда судагерлер ойыншықтан азық-түлікке дейін сатып жатыр.

Қала белсенділері "базарды" байқап, әлеуметтік желілерде жазба жариялаған.

Facebook әлеуметтік желісінің Amir bek атты қолданушысы парақшасында суретті жариялап, сипаттамасында қысқаша "жаңа базар" деп жазған. Жазба жағымсыз пікірлер жинаған.

"Басқа қалаларда мұндай базарды бірде-бір алаңда кездестірмедім", - дейді Vse detyam оқырманы.

Өңірдегі санитария дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес сенбіде ашық базарлар жұмыс істеп, ал жексенбіде жабық болады. Әкімдік өкілдері жағдай назарға алынады деп уәде берді.