Атырауда шет ел азаматы жол апатынан қаза тапты

0
1 189

Қайғылы оқиға Жайық өзеніндегі көпір маңында, Балықшы шағынауданы аумағында болған


Атырауда шет ел азаматы жол апатынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Өзбекстан азаматы Атырауда көлік апатынан қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Жайық өзеніндегі көпір маңында, Балықшы шағынауданы аумағында болған.

Рульде 47 жастағы жүргізуші болған «ГАЗ-53» көлігі жаяу жүргінші өтуге болмайтын жерден көшені кесіп өткен адамды қаққан. Мерт болған - 27 жастағы Өзбекстан азаматы.

«Адам өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде»,- деді ІІД баспасөз қызметі.