Атырауда су тасқынына қарсы 300 метрге жуық бөгет салынды

0
282

Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды.


Атырауда су тасқынына қарсы 300 метрге жуық бөгет салынды

Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, жұмыс жалғасып жатыр.

Таңертеңнен Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда.