Топырақ ұрлап 5 млн теңге айыппұл төлейтін болды

0
1 706

Атырауда топырақты заңсыз алған мұнайшыларға айыппұл салынды


Топырақ ұрлап 5 млн теңге айыппұл төлейтін болды

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Атырауда топырақты заңсыз алған мұнайшылар 5 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Исатай ауданының прокуратурасы пайдалы қазбаларды рұқсатсыз игеру дерегін анықтады. Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, пайдалы қазбаларды игеру жұмыстары заңда көрсетілген рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ал «Потенциал Ойл» ЖШС Жанбай ауылынан маңынан жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз топырақты заңсыз қазып алған. Қазып алынған топырақтың көлемі 1000 текше метрді құрады. Мемлекетке келген шығын 4 млн теңге. Прокуратура органдарының ұсынысы бойынша, экология департаментінің өкілдері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке 1 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 3,8 млн теңге көлемінде шығын өтеліп алынды»,-деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Атырау облыстық прокуратурасының өкілдері пайдалы қазбаларды заңсыз алуды анықтау шараларын күшейтті, деп хабарлады ведомство өкілдері.