Атырауда заңсыз жұмыс істеген 120 қытайлық анықталды

0
588

Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады.


Атырауда заңсыз жұмыс істеген 120 қытайлық анықталды

Атырауда мерзімдері өткен визалық құжаттармен жүрген 120 қытайлық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады.

Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімдері өткен визалық құжаттармен жүрген 120 Қытай Республикасының азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.