​Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздеуге төтеншеліктер мен еріктілер қосылды

0
1 058

Қазір жоғалған баланы 100-ден астам адам іздеп жатыр.


​Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздеуге төтеншеліктер мен еріктілер қосылды

ERNUR.KZ. Атырауда полиция жоғалып кеткен 9 жасар баланы таппай жатыр. Жоғалған баланы іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен еріктілер қосылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, кәмелетке толмаған жасөспірім кеше, 22 қаңтарда түсқайта үйінен інісімен бірге ойнауға шыққан. Бірақ інісі үйіне оралып, 9 жасар бала жоғалып кеткен. Қазір жоғалған баланы 100-ден астам адам іздеп жатыр. Оның ішінде 100 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері, еріктілер мен мектеп мұғалімдері, өзге де тұрғындар бар.
«Жоғалған баланы іздестіруге сүңгуірлер де тартылды. Сүңгуірлер жоғалып кеткен жасөспірім тұратын үй маңындағы Перетаска каналына тексеру жүргізіп жатыр. Оған департаменттен 17 қызметкер мен 3 техника тартылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.