Атырауда жүк вагондарын шығаратын жоба іске қосылды

0
434

Нәтижесінде 2700 жұмыс орны ашылады.


Атырауда жүк вагондарын шығаратын жоба іске қосылды

Атырау қаласында жүк тасымалдайтын ашық және жабық вагондар, цистерналар, хоппер вагондары мен контейнерлер тасымалдайтын платформалар шығаратын зауыт жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

«ТексолТранс» зауыты толық қуаттылығына көшкеннен кейін жылына 6 мың жүк вагонын шығарады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 2700 жұмыс орны ашылады.

«ТексолТранс» жүк вагондарын шығару жобасы 2024 жылы Атырау қ. жүзеге асатын 17 инвестициялық жобалардың бірі. Зауыт Сарыөзек шағын ауданының аумағында орналасқан.