Атырауда жұмысшылар жол жөндеуге шәйнек пайдаланып жүр (видео)

0
848

13 тамыздан бастап Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылған.


Атырауда жұмысшылар жол жөндеуге шәйнек пайдаланып жүр (видео)

ERNUR.KZ. Балықшы ауылындағы көпірді жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың жолдың жарылған жерлеріне шәйнекпен бір сұйықтық құйып жатқан видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Портал мәліметінше, 13 тамыздан бастап Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылған. Алайда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көпшілік жасалып жатқан жұмыстың сапасына қатысты "күмән келтіре" бастаған.

"Жөндеуді осылай жасайды. Супер!", - деп мысқылдайды бейнежазба авторы.

Ал әлеуметтік желідегі кейбір пікірлердің арасында бұл шәйнек қанша миллион тұрады және оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба деген сұрақ кездеседі.

"Ақ Жайыққа" қала әкімдігінен әзірге ресми жауап келмеген.