Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

0
351

Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге Ляньюньган қаласынан жеткізілген көмекте күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар бар.


 Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

ERNUR.KZ. Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жеткізілді, деп жазады inform.kz.

Ляньюньгандағы қытай-қазақ логистикалық базасы – Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын арттратын ірі сауда орталығы. Ал, Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге Ляньюньган қаласынан жеткізілген көмекте күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар бар.

«Қазақстан мен Қытай – ұзақ жылғы достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ал, Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, еларалық байланысқа кедергі бола алмайды. Біздің гуманитарлық көмек сәл кешігіп келгенімен, бұл екі ел халқының бір-біріне деген қамқорлығын тоқтата алмайды. Ляньюньган портынан жеткізілген гуманитарлық көмекті Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына табыстаймын» -деді Орталық Азиядағы Ляньюньган порты өкілдігінің директоры Чжао Вэй.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзенінің жағалауынан құм толтырылған қапшықтар алынып жатқан хабарлаған болатынбыз.