Атыраулықтар наразылық акциясына шықты (видео)

0
2 196

​Басқарма жетекшісі алаяқтық, пара алу және беру баптары бойынша күдікке ілінгені хабарланып отыр.


Атыраулықтар наразылық акциясына шықты (видео)

ERNUR.KZ. Атырау облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла қамауға алынды. Бірнеше адам бұған қарсы болып, наразылық акциясына шықты, арасында мүгедек балалардың аналары да бар, деп жазады sputniknews.kz.

Шенеунік 25 наурызда ұсталды, оған қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр - пара алу, пара беру және алаяқтық.

Қамидолланың ұсталуы "күтпеген" қоғамдық резонанс тудырды. Облыстық сот ғимараты маңында Жылыой ауданының бірнеше тұрғыны жиналды.




Олар басқарма жетекшісін тым болмағанда үйқамаққа босатуды талап етті. Өйткені кінәсі әлі дәлелденбеген. Кешке дәл сол адамдар Атырау қаласы полиция басқармасының ғимаратына келді. Қамидолланы үйқамаққа босатады деп күткен. Ақыры солай болды.

Жиналғандар істі болған басшы көптеген адамға көмек көрсеткенін алға тартып отыр.


"Мен Telegram-каналдағы аналар чатының әкімшісімін. Серік Қамидолла пара алды дегенге сенбейміз. Бұл жала жабу деп есептейміз. Өзге шенеуніктер сияқты емес, біздің барлық сауалымызға жауап беретін. Халықтың адамы. Босатуды талап етеміз", - деді Сандуғаш Көкенова.