"NNN" атымен танымал танымал Нұрдәулет әжетхана қағазының орамаларынан өзіне тірек жасап, жылдамдықпен келген көліктің үстінен секіруі керек еді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық блогер Нұрдәулет Бектұрсын мен оның досы Әлішер Қонысбаев әлеуметтік желіге қызықты видео түсіру үшін құны 30 миллион теңге тұратын көлікті оңдырмай соғып алды, деп жазады exk.kz.
"NNN" атымен танымал танымал Нұрдәулет әжетхана қағазының орамаларынан өзіне тірек жасап, жылдамдықпен келген көліктің үстінен секіруі керек еді. Ол осы трюкті сәтті орындап, қуанып жатқанда көліктің соғылғанын байқайды.
Видеодан қаланған қағаздарды қағып түсірген жүргізушінің тізгінді игере алмай, жолда тұрған ауыр жүк көлігене соғылғанын байқауға болады. Кейін адамдардың бәрі аман-сау екені, алайда қымбат көліктің быт-шыты шыққаны белгілі болды. Оның құны 30 миллион теңге екенін де айта кетейік. Бұған дейін рөлде отырған Әлішер Қонысбаев өзінің көрермендері арасында осы автокөлікті тегін ойнатуға уәде берген болатын.
Бұған дейін Нұрдәулет Бектұрсынның құны 90 миллион теңге тұратын Mercedes GT көлігін өртеп жібердім деген еді. Кейіннен онысы өтірік екені әшкере болды.