Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.
Сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Абай облысында - 2 учаске (177 км)
- Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км)
- Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км)
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
- Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)
- Қызылорда облысында - 1 учаске (582 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (163 км)
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
- Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.