Синоптиктер елорда мен республиканың 15 облысында қауіпті ауа райы болатынын ескертеді.
ERNUR.KZ. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ ауа райының қолайсыздығына қарай көлік қозғалысының шектеулеріне байланысты Астанаға қатынайтын қосымша төрт қала маңындағы пойыздарды іске қосты, деп жазады Zakon.kz.
Астана-Атбасар, Астана-Көкшетау, Павлодар-Астана және Қарағанды-Астана бағыттары бойынша Курорт-Бурабай станциясына дейін жалғасатын қосымша қалааралық пойыздар жүреді.
Бұл пойыздарға билеттерді сату 1 қаңтар күні сағат 21:00-де басталды.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ ауа-райының қолайсыздығына қарай көлік құралдары қозғалысының шектеулеріне байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бірнеше бағыт бойынша қосымша қалааралық пойыздардың іске қосылуы Жаңа жыл мерекесі маусымында жолаушыларды қосымша орындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Азаматтарға сапарларын ауа райы жағдайын ескере отырып жоспарлап, анықтамалық ақпаратты арнайы ресурстардан немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми байланыс арналарынан алу ұсынылады", - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Қазгидромет сейсенбі, 2 қаңтарда дауылды ескерту жариялағанын бұған дейін хабарлаған едік. Синоптиктер елорда мен республиканың 15 облысында қауіпті ауа райы болатынын ескертеді.