Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан

1
2 213

​Қытайдан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтардың әрекеті әшкереленді. Ал Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан.


Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан

фото: m-astana.kz

Қытайдан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтардың әрекеті әшкереленді. Ал Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты,-деп хабарлайды 24.kz.

«Қабылданған шаралар Қазақстанға келушілер санын арттырды. 2017 жылы Қазақстанға 5,595 млн адам келді, оның ішінде Германия мен басқа елдердегі біздің бұрынғы тұрғындарымыз бар. Елімізге шетелдік бизнесмендер мен туристердің келуі ұлғайды, инвесторлар үшін Қазақстанға жұмыс күшін тарту рәсімі жеңілдетілді», – деді Владимир Божко. Оның айтуынша, халықаралық ахуал мен көші-қон ағынының, ішкі көші-қонның артуы күш-қуат құрылымдары мен Сыртқы істер министрлігіне қосымша жауапкершілік жүктейді. Ұсынылған материалдарды алдын ала зерделеу барысында тұрақты көші-қон жолдарындағы басы артық тосқауылдарды алып бастау қажеттігін көрсетіп отыр. Бұған қоса, Қазақстан аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастыратын жекелеген фирмалар мен тұлғалардың қылмыстық әрекеттері анықталған. «Бұл реттегі цифрлар алаңдатарлық. Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан. Олардың көшілігіне қазіргі уақытта іздеу жарияланған. Бангладеш пен Ауғанстан азаматтары біздің еліміздің аумағын Еуропаға өту және ол жақта тұрақты қонsстану үшін пайдалануға тырысады. Екі тұрансұлттық топ Қазақстанда тіркелген 85 компания арқылы Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға жаппай заңсыз кіруді ұйымдастырған», – деді В.Божко.