Әуезов театрында «Mýzei Túni» жаңа форматта өтті

0
1 270

Көрермендер өткен күннің іздерімен қазақ театрының «Алтын ғасырына» сапар шекті.


Әуезов театрында «Mýzei Túni» жаңа форматта өтті

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Mýzei Túni» атты ерекше шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықаралық театр күніне және Әуезов театры мұражайының туған күніне арнайы ұйымдастырылған кеште көрермен қазақ театр өнерінің бүтіндей бір тарихымен танысып, өткен күннің іздерімен қазақ театрының «Алтын ғасырына» сапар шекті.

Театр жастары көрерменнің ортасына шығып, Л.Толстойдың әлемдік классикалық туындысы «Анна Каренина» қойылымындағы биін ұсынды. Лезде қараңғылық орнап, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов көрерменнің алдында «Абай», танымал театр және кино актері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Еркебұлан Дайыров пен жас актриса Әсел Сайлауова «Ғасырдан да ұзақ күн», Мерей Мұхтарұлы мен Жанель Мақажан «Ромео мен Джульетта» және жас актер жігіттер «Бейбарыс Сұлтан» спектаклінің үзіндісін ұсынды. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама бойынша, театр жастары «Сырласу» бұрышында Мұқағали поэзияларынан үзінді оқыса, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Аян Өтепберген гитарамен сүйемелдеп, Ажарлым Бақытжанқызы «Мен саған ғашық емес ем», «Сен мұңыңды бер маған» атты сырлы әндерді шырқап, театрды лирикалық атмосфераға бөледі.


Дереккөз: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.