Ауғанстандағы жағдайдың пессимистік сценарийі болжанып отыр – Жанабаев

0
657

Ол атағандай, ауғандық ДАИШ филиалы Ислам Республикасы «Вилаят Хорасан» ұйымының жұмыс әлеуеті де алаңдаушылық тудырып отыр.


Ауғанстандағы жағдайдың пессимистік сценарийі болжанып отыр – Жанабаев

ERNUR.KZ. Бұл туралы Терроризмге қарсы құрылымдық штаб орталығының жетекшісі Жанарбек Жанабаев Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция барысында айтты, деп жазады baq.kz.

"Қазір әлемдік қауымдастықтың назарында Ауғанстандағы жағдай болып отыр. «Талибан» қозғалысының билікке келуі Орталық Азия шекарасындағы тұрақсыздық пен алаңдаушылықты арттырып отыр. Ауғанстандағы өзгерісті болжап отырдық. Алайда зайырлы үкіметтің жылдам құлауы күтпеген өзгеріс болды", - деді Жанабаев.
Ол атағандай, ауғандық ДАИШ филиалы Ислам Республикасы «Вилаят Хорасан» ұйымының жұмыс әлеуеті де алаңдаушылық тудырып отыр.

"ДАИШ-тықтар үнсіздік ұстанса да, белсенділігін жоғалтпады. Талибандардың мәлімдемесіне легитимділік көрсету Ауғанстанда ірі лаңкестіктерге жол берді. ДАИШ-тың Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан шекарасын көздеуі әлі де сақталып отыр. Біздің елде ондай әрекет те болды", - деді ол.
Орталық жетекшісі осыдан екі жыл болған оқиғаны мысалға алды.
"2019 жылы Алматыда ДАИШ-тың тапсырмасымен Тәжікстан азаматының террорлық актісінің жолы кесілген еді",- деді Жанабаев.

Ол атағандай, Ауғанстандағы жағдайдың пессимистік сценарийі болжанып отыр.

"Азық-түлік тапшылығы бойынша дағдарыс болуы мүмкін. «Талибан» қозғалысы Орталық Азияға декларациялаған қауіпсіздігіне әзірге кепілдік жоқ",- деді ол.