Ауруды басатын «Трамадол» дәрісін сатып алатындарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

0
637

Қазақстанда заңсыз есірткі және психотроптық заттардың тізімі кеңейеді.


Ауруды басатын «Трамадол» дәрісін сатып алатындарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

ERNUR.KZ. Есірткі мен прекурсорлардың тағы 27 түрі мемлекеттік бақылауда болады. ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«ІІМ есірткі мен прекурсорлардың тағы 27 түрін мемлекеттік бақылауға енгізу жөніндегі Үкімет қаулысы жобасын әзірледі. Бұл тізімде айналымын мемлекет бақылайтын 1 мыңнан астам зат бар. Қазір оған есірткінің тағы 17 және прекурсорлардың 13 түрі, оларды дайындау үшін пайдаланылатын заттар енгізіледі», - деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрліктің онлайн брифингінде.

Атап айтқанда, «дәріханалық» нашақорлықпен күресу мақсатында психотроптық заттар тізімі анальгетик «Трамадолмен» толығады.

Оны есірткіге тәуелділер эйфория әсерін алу үшін пайдаланады және тұтастай алғанда есірткіге тәуелділік қалыптасуына ықпал етеді.

«Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын «Трамадолдың» біліктілік мөлшері 0,1 граммға дейін – аз мөлшерде, 10 граммға дейін – үлкен мөлшерде, 10 грамнан бастап – аса үлкен мөлшерде болып жазылды. Үкімет актісі қолданысқа енген соң «Трамадол» тек рецепт бойынша және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымына лицензиясы бар дәріханалық және емдеу-профилактикалық ұйымдарда ғана берілетін болады. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланған», - деп толықтырды Шұғыла Тұрлыбек.