Ауруханаға түскен экс-министр Біртановтың жағдайына қатысты ақпарат шықты

0
760

​Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып, аурухана емделіп жатқаны хабарланған еді.


Ауруханаға түскен экс-министр Біртановтың жағдайына қатысты ақпарат шықты

ERNUR.KZ. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаторлық емін жалғастыруда", - деді Гиният онлайн брифигте.

14 маусымда сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

Көп ұзамай әлеуметтік желіде Біртанов министр қызметінен өз еркімен, денсаулық жағдайына байланысты кеткенін жазды.