фотоколлаж: ERNUR.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрі және Энергетика министрі өз лауазымдарын атқара беретін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.