Семейлік теміржолшыларға 1,3 млн теңге көлемінде өтемақы берілді. Ауыр метеорологиялық жағдайларда ашық ауадағы жұмысы үшін
ERNUR.KZ. Тексеру жұмыстары барысында Семей көлік прокуратурасы жалпы 967 теміржолшының құқығы бұзылғанын анықтады. Оның ішінде 361 жұмысшы ауыр метеорологиялық жағдайларда ашық ауадағы жұмысы үшін 1,3 млн теңге көлемінде өтемақы алды, деп жазады altaynews.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше,Семей көлік прокуратурасы қадағалауындағы көлік аймағында орналасқан теміржол мекемелері жұмысшыларының еңбек құқықтарының бұзылғандығын анықтады. Атап айтқанда, заңнамаға және ұжымдық шартқа қайшы жұмысшыларға Цельсий градусы -25-тен төмен және +35-тен жоғары ауа температурасы кезінде ашық ауадағы жұмыстары үшін төлемақы жүргізілмеген.
«Теміржолдың қауіпті аумағында қызмет ететін және оның қауіпсіздігіне жауапты жұмысшылар қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларымен 606 жұмысшыға арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныс құралдары берілді. Ауыр метеорологиялық жағдайларда ашық ауадағы жұмысы үшін 361 жұмысшы 1,3 млн теңге көлемінде өтемақы алды. Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталу жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде», – делінген хабарламада.