Автобустың бейнебақылау камерасы қызды тонап кеткен ер адамды жазып алған

0
1 062

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы күдіктіні ұстаған.


Автобустың бейнебақылау камерасы қызды тонап кеткен ер адамды жазып алған

ERNUR.KZ. Бейнебақылау камерасының арқасында тонаушыны із суытпай бірден ұстап алуға мүмкіндік туды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қылмыстық полиция басқармасының ақпараты бойынша, 30 жастағы ер адам тұрғын үй ауласында 17 жасар қыздың қолынан ұялы телефонды жұлып-ап, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Полиция қызметкерлері тұрғын үй ауласы мен қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камералары арқылы, күдіктінің жолын аңдыған. Сөйтіп, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал тонап кеткен ұялы телефон тәркіленіп, өз қожыйына тапсырылды", - деп хабарлады елордалық полиция бөлімшесі.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы, ер адам ұялы телефонды ұрланғаннан кейін автобус аялдамасына жүгіріп, автобусқа мініп, кетіп қалғанын анықтады. Сөйтіп, кейінірек оны ұстаған еді. Алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп, күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па екендігі тексеріліп жатыр.

Жыл басынан бері бейнебақылау камералары жүйесінің арқасында 600-ге жуық қылмыс және 22 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз әрекеттерден зардап шеккендерді Нұр-Сұлтанның полиция бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.