Автокөлікпен соқтығысқан ұшақта футболшылар болған (видео)

0
536

Бакудан Алматыға келген ұшақ ұшу-қону жолағында Renault автокөлігімен түйісіп қалады.


Автокөлікпен соқтығысқан ұшақта футболшылар болған (видео)

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында автокөлікпен соқтығысып қалған ұшақтың бортында алматылық “Қайрат” командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары болған. Әуе кемесі FlyJet компаниясына тиесілі, деп жазады exk.kz.

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында болған еді. Бакудан Алматыға келген ұшақ ұшу-қону жолағында Renault автокөлігімен түйісіп қалады. Renault әуе кемесінің қанатының астына қыстырылып қалған.


Sports.kz басылымының жазуынша, "Қайрат" командасы Бакуда Қарабаққа қарсы ойын өткізген. Осы рейспен елге оралған футболшылар соқтығысудан кейін жедел эвакуацияланды.