Аягөз қаласының экс-әкімі 4,5 жылға сотталды

0
546

Экс-әкім өзінің кінәсін мойындамады.


Аягөз қаласының экс-әкімі 4,5 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Аягөз қаласының экс-әкімі Қуаныш Азыханов ірі көлемде пара алғаны үшін 4,5 жылға сотталды, деп жазады zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының баспасөз қызметі Азыхановтың қомақты мөлшерде пара алғаны үшін сотталғанын хабарлады.

Шенеунікке қарсы қылмыстық іс Аягөз аудандық сотында қаралды. Анықталғандай, ол Аягөз қаласының әкімі лауазымында жүріп, 2020 жылдың 16-17 қыркүйегінде "Көркем" ЖК мекемесіне апаттық жағдай салдарынан қирап қалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстардың актісіне қол қойғаны үшін 1 200 000 теңге көлемінде пара алған.

Прокурор оны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Экс-әкім өзінің кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, бұл қарыз ақша болған.

Қорғаушы куәгер Б-ның айғақтарын қабылдап, соның негізінде экс-шендіні ақтауды сұрады.

Баспасөз қызметі Азыхановтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сұрақ-жауап жазбаларымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен расталатынын айтты.

Оның ақшаны қарызға алды деген уәждері орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін аударғанын растайтын куәгердің айғақтарымен жоққа шығарылды. Куәгер Б. сотта "Көркем" ЖК иесі екенін айтты, дегенмен Аягөз қаласындағы барлық өндірістік және қаржылық қызметті ол С деген азаматқа сенімхат беру арқылы толтыртқан. Ал куәгер С. ақшаның әкімге актілерге қол қою үшін аударылғанын растады.

"Қомақты мөлшерде пара алу" бабы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ. Керісінше, ауырлататын жағдай экс-әкімнің антты бұзуы болды.

Нәтижесінде сот оны 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, әкімнің ұсталғаны туралы 2020 жылдың қыркүйегінде белгілі болды.