Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Өрт сөндірушілер жарылудың алдын ала алды, деп жазады inbusiness.kz
5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар.
Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды. Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шабуылы қолданылды.
Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.