Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты

0
3 039

Оның ішінде қалалықтар - 10452,3 мың (57,4%), ауылдықтар - 7743,6 мың адам (42,6%). 2017 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өсті. Ел ішінде көшіп-қонушылар 38,4 пайызға кеміген.


Қазақстан халқының саны  18 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 2018 жылдың 1-ші наурызына дейін 18 млн 195 мыңнан асты,- деп мәлімдейді ERNUR.KZ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Оның ішінде қалалықтар - 10452,3 мың (57,4%), ауылдықтар - 7743,6 мың адам (42,6%). 2017 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өсті. Ел ішінде көшіп-қонушылар 38,4 пайызға кеміген.

Өңіраларық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырмасы еліміздің 2 өңірінде байқалған. Олар Астана қаласының тұрғындары 2944 адамға және Алматылықтар саны 6687 адамға көшіп барушылар есебінен артқан.

Халық санының өсім қарқыны 2018 жыл басынан бері қарай 0,21% - ға артқан. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының халық санының өсім қарқыны 0,34%-құраған.