​Қазақстанда жыл басынан бері журналистерден 22 млн. теңге өндірмекші болған

0
1 067

БАҚ өкілдері мен журналистер қатысқан 1 тоқсандық сот шешімі 15-ін шығарды. Алдын ала тексеріс пен қылмыстық тәртіпке сай 14 іс тіркелсе, оның ішінде 9-ы айыптау болып табылады.


​Қазақстанда жыл басынан бері журналистерден 22 млн. теңге өндірмекші болған

Алты мемлекеттік қызметкер, үш заңды тұлға және жеті азамат жыл басынан бері Қазақстандық журналистерден 22 млн. теңге өндірмекші болған. Аталған соманың тек 90 мың-ын өндіре алған. Бұл туралы kursiv.kz халықаралық «Әділ сөз» ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ұйымда азаматтық-құқықтық талап БАҚ өкілдері мен журналистерге 21 рет көрсетілген, соның ішінде 16 наразылық пен талап ар тазалығы, адамгершілік пен іскерлік абыройға байланысты. БАҚ өкілдері мен журналистер қатысқан 1 тоқсандық сот шешімі 15-ін шығарды. Алдын ала тексеріс пен қылмыстық тәртіпке сай 14 іс тіркелсе, оның ішінде 9-ы айыптау болып табылады. Жыл басынан бері журналистерге 4 айып тағылған – оның 2-еуі өсек-аяң мен жеке басқа тиісу болса, қалғаны терроризмді насихаттау мен әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік алауыздық тудырғаны үшін.

Сонымен қатар, журналистердің құқығы да 46 рет бұзылған, соның ішінде БАҚ қызметкерлеріне 35 рет қарсы жауап берілсе, қоғамдық маңызды жаңалықтардан шеттеткен. Қылмыстық іс қозғалып, тұтқындалғандар саны жыл басынан бері 5-ке жеткен. Журналистерге сес көрсету екі рет, БАҚ-тың ақпарат таратуын шектеу бір рет тіркелген.

Сонымен бірге, айғақсыз оқшаулау мен желілік баспаларға жолды жабу жайында 4 жағдай тіркелген, сондай-ақ журналистердің заңды қызметтеріне кедергі келтіру жағдайы екі рет орын алған.