Әзербайжаннан қызанақ алып келуге уақытша тыйым салынды – министрлік

0
2 503

Әзірбайжаннан жеткізілген қызанақтан вирус анықталған.


Әзербайжаннан қызанақ алып келуге уақытша тыйым салынды – министрлік

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық шара ретінде Әзірбайжан Республикасының аумағынан қызанақты алып келуге уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірбайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізді.
ISPM №13 «Сәйкестік және төтенше жағдайлар туралы ескерту нұсқаулығы» Халықаралық стандарттарына сәйкес Әзірбайжан агенттігіне тиісті нотификациялар жіберілді.
Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді.
Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылының 30-70% өсімінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.