Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

0
643

​Қазақстанда коронавирустың "омикрон" штамы, жұқпалы респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ), энтеровирусты инфекция, аденовирус, риновирус және менингококк инфекциясының түрлері тіркеліп жатыр.


Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

“Біз ай сайын қоршаған ортадағы коронавирус инфекциясын генетикалық түрде зерттейміз. Осы айда коронавирустың қандай да бір жаңа штамын анықтаған жоқпыз. Қазір осы айдың зерттеуі аяқталуға жақын, егер штамның жаңа түрі пайда болса, сіздерге қосымша ақпарат беремін. Қазір коронавирустың "омикрон" штамынан бөлек, энтеровирусты инфекцияның, аденовирустың, риновирустың және менингококк инфекциясының алуан түрі жүріп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, жаңа инфекция пайда болды деп айта алмаймыз”, – деді А. Ғиният Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оған қоса, Денсаулық сақтау министрі қазір ЖРВИ өршіп тұрғанын, бүкіл елде тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталғанын жеткізді.

Сондай-ақ ведомство басшысы иммун тапшылығы бар қарт адамдарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуға кеңес берді.

Бұған дейін Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндап, "коронавирусқа қатысты шектеулер қайта енгізіле ме?" деген сұраққа жауап берген еді.