Байқоңыр қаласының тұрғыны өз үйінде жарылғыш заттар сақтаған

0
988

46 жастағы жергілікті тұрғын үш жылдан астам уақыт бойы өзінің пәтерінде үш тротил шашкаларын сақтаған.


Байқоңыр қаласының тұрғыны өз үйінде жарылғыш заттар сақтаған

ERNUR.KZ. Жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған Байқоңыр тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады zakon.kz.

46 жастағы жергілікті тұрғын үш жылдан астам уақыт бойы өзінің пәтерінде әрқайсысының салмағы 200 грамм болатын үш тротил шашкаларын сақтағаны анықталды.

Қазіргі уақытта жарылғыш заттарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәркілеп алды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.