Байқоңырда бес адам қайтыс болды - қала қатаң карантинге жабылды

0
668

​Билік қатаң шаралар вирустың таралуын шектеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеп отыр. Тұрғындарға таңғы алтыдан кешкі тоғызға дейін ғана шығуға болады.


Байқоңырда бес адам қайтыс болды - қала қатаң карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Байқоңыр қаласының әкімшілігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты қатаң карантинге жабу туралы шешім қабылдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Біз наурыз айында енгізілген шараларға оралу туралы шешім қабылдадық", - деді қаланың ресйелік әкімшілігінің басшысы Бусыгин.


Оның айтуынша, сол кездегі шаралар вирустың таралмауына көмектескен. Сондықтан 5 шілдеге дейін бұл шара қайта енгізіледі.

Тұрғындарға тек таңғы алтыдан кешкі тоғызға дейін ғана шығуға болады.

Шаштараз, сұлулық салондары мен көлік жуу орындарының жұмыс уақыты шектеулі болады.