"Байқоңырдың" қызметкерлері коронавирусқа тексеріле бастады

0
886

Қазіргі уақытта "Байқоңырда" 21 наурызда OneWeb жүйесінің спутниктерін іске қосуға дайындық жүргізілуде .


ERNUR.KZ. "Байқоңыр" ғарыш айлағында коронавирустың ықтимал қаупіне байланысты алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Дәрігерлер есікке кіреберіс жерде кәсіпорын қызметкерлерінің температурасын өлшейді.

Температурасы жоғары адамдар қосымша тексеріледі. "Роскосмоста" ресейлік дәрігерлер бекіткен ережелер шеңберінде әрекет ететінін атап өтті.

Қазіргі уақытта "Байқоңырда" 21 наурызда OneWeb жүйесінің спутниктерін іске қосуға дайындық жүргізілуде және 9 сәуірде ХҒС-да жаңа басқарылатын экспедицияны іске қосуға дайындық басталды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда індеттің алдын алу үшін бірнеше шалара қабылданды.

Атап айтқанда, мектеп оқушылары демалысқа ерте шығады, студенттер онлайн режимде оқуға көшеді және сауда орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады.