"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алды

0
565

Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалғаны және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өткені айтылды.


ERNUR.KZ. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі ("Сбербанк" АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады, деп жазады tengrinews.kz.

Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалғаны және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өткені айтылды.

"Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемесін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады.
"Бәйтерек" холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. Сбербанк Қазақстанның заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта "Сбербанк Қазақстанға" ребрендинг жүргізілетіні айтылды.
"Бәйтерек" холдингі банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және банктің бұрынғы, сондай-ақ жаңа клиенттеріне арналған банк қызметтерін дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады", - делінген хабарламада.