БАҚ саласында кадрларды даярлау жүйесі қайта қаралады

0
718

Менторлық институтты дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жас қызметкерлер үшін гранттық бағдарламаларды іске қосу ескерілген.


БАҚ саласында кадрларды даярлау жүйесі қайта қаралады

ERNUR.KZ. Ақпарат саласын құқық реттеу бойынша бағыты аясында заңнамалық шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Білім беру бағдарламалары мен кәсіби дамытуды жетілдіру аясында БАҚ саласында кадрларды даярлау жүйесі қайта қаралады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Осы орайда, менторлық институтты дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жас қызметкерлер үшін гранттық бағдарламаларды іске қосу ескерілген.

А. Балаеваның сөзіне қарағанда, ақпарат саласын құқықтық реттеу бойынша заңнамалық шаралар жүзеге асырылады. Олар БАҚ саласын жетілдіруге, саланың жаңа субъектілерінің құқықтық мәртебесін айқындауға, жарнама бойынша БАҚ үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, телерадио хабарларын тарату саласында рәсімдерді жетілдіруге бағытталған.