БАҚ саласының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді - Асқар Омаров

0
591

2020 жылдан бастап ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.


БАҚ саласының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді - Асқар Омаров

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, 2020 жылдан бастап ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл жоспар мемлекет пен медиа саласының жүйелі шешімдерін талап ететін БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында әзірленді. Медиа саласының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейін айқындайтын әлеуметтік зерттеулер, сондай-ақ маркетингтік зерттеулер жүргізілді. БАҚ саласында бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді. «Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізілді, оның шеңберінде жергілікті атқарушы органның «сұр тәрелкелердің» таралуын болдырмау бөлігінде талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша құзыретін енгізу көзделген, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ әлеуметтік жарнаманы құқықтық регламенттеу мақсатында салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидалары бекітілген.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауы аясында берілген тапсырмасына сәйкес БАҚ саласындағы салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта журналистік қоғамдастықпен бірге жұмыс тобы құрылды және БАҚ-ты жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жасалып жатыр. Министрлік саланың кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Біз медиа сала мамандарын оқыту бойынша 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспар әзірлеп, іске асырдық. Арнайы жоспарды іске асыру кезеңінде әр түрлі саланың бағытына маманданған салалық журналистерді даярлау бойынша ЖОО-мен меморандумдарға қол қойылды. Мультимедиялық білім беру және ақпараттық платформа іске қосылды. 4 мыңнан астам журналист медициналық, экологиялық, діни жәнеT-салаларында оқыту курстарынан өтті. Жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды, - деді Асқар Омаров.