Қылмыскерлер жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар , 495 450 ресей рублін құрайтын үш қап пен Kaspi мультикассетасын алып кеткен.
ERNUR.KZ. 3 желтоқсан кешке Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасалды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Кейбір дереккөздің мәліметінше Жаңаөзенде 3 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:40-та "Көктем" шағын ауданында орналасқан "Сбербанк Қазақстан" АҚ еншілес банкінің №2 бөлімшесінде инкассация кезінде төрт қылмыскер инкассатор көлігіне пышақпен шабуыл жасады", - делінген хабарламада.
"Қылмыскерлер жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар , 495 450 ресей рублін құрайтын үш қап пен Kaspi мультикассетасын алып кеткен. Инкассатор жүргізуші шабуыл жасаған ақ Nexia көлігіне бес рет оқ атқан. Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы "Ұстау" жоспарын жариялады", - деп хабарлады телеграм-канал.