Бала кәріз құдығына құлап кетті (видео)

0
1 144

Оқыс жағдай сол аумақта орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.


Бала кәріз құдығына құлап кетті (видео)

ERNUR.KZ. Көше бойымен кетіп бара жатқан бүлдіршін абайсызда кәріз құдығына құлап кетті. Оқыс жағдай сол аумақта орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады 24.kz.


Кадрлерден кәріз құдығының қақпағы болғанын көруге болады. Алайда үстінде тұрған балақайдың салмағы басып, құдыққа түсіп кетті.

Абырой болғанда оның қасында бесік арба сүйреп келе жатқан келіншек адамдарды көмекке шақырып, шұңқырдан алып шығады.