Алдағы уақытта еліміздегі балабақшаларда ерекше балаларды тәрбиелейтін жаңа маман пайда болады.
ERNUR.KZ. Қазір оны енгізу жағы қарастырылып жатыр, деп жазады zakon.kz.
"Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қатысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тәрбие-білім алуына жағдай жасау керектігі жөніндегі норма бар. Сондай-ақ білім беру ұйымы басшыларына қатысты жауапкершілік күшейтілді. Олар ерекше балаларды талапқа сай жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс. Бүгінде мектептерге педагог-ассистент лауазымы енгізілген. Қазіргі уақытта мектептерде 1000-ға жуық педагог-ассистенттер жұмыс істейді. Енді мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистент лауазымын енгізу жоспарланып отыр".Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова