ERNUR.KZ. Балаларға арналған әдеби кітаптағы «бірін бірі сағынып қалған труси мен көйлек» туралы хикая елдің наразылығын тудырды.
ERNUR.KZ. Балаларға арналған әдеби кітаптағы «бірін бірі сағынып қалған труси мен көйлек» туралы хикая елдің наразылығын тудырды.
Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісінде Ася Асеткина есімді қолданушы жазып, кітап парақшаларының суретін жариялады.
«Ағайындар, мынау не деген ертегі?
Әлде бұл бір, "заманына қарай киімі, зердесіне қарай түйіні" демекші, қазақтың қазіргі мәдениетіне келген, қазіргі әдебиетімізге келген, қазақтың ертегісіне келген мен секілді "ескінің" адамы түсіне бермейтін жаңашыл бір стиль ма екен??
Мүмкін, мәдениетіміздегі ибн бен- сина Мухамеди мен Білімді басқарған Сағадиев сынды сайқымазақтардың басында отырып, ертеңгі өскелең ұрпаққа өз заманына лайық )), осы типті "ноухау" әңгіме жаздыруы, оны кітап етіп шығарып, балаларға ұсынуы шынында да жаңалық па екен??
Енді білетіндеріңіз болса, айтып жіберіңіздерші, мынадай мәтіндегі сап- сары сағынышпен аяқталатын сазды )) әңгімелерді балаға сонда қалай оқытамыз??», - деп жазды ол өз парақшасында.
Кітап «Жолың болсын» деп аталады, Авторы – Жақсылық Кенжалиев. 2011 жылы басылып шыққан, балалар әдебиеті тізіміне енген.
Парақшадағы жазбаға пікір қалдырғандар әзілге сүйесе де, балаларға арналған кітап авторына наразылықтарын білдіріп, балалар кітабына мұндай хикаяның жазылуы өрескел қателік екендігін айтысты.
«Төрси мəйкінің емес өзінің əйелімен болған жағдайды жаза салған ау деймін. Тіпті жазуға ұят екен мынаны», «Мұзафар Әлімбаев бұл кітап шыққан шақта алжып қалған шығар? Әдейі оқытпай қолын қойдырып алған ғой», «Балаларым "жырқ- жырқ" етіп күледі де, сыбырласады. Бұлар неменеге бүйтеді деп алып қарасам, осындай қызық қасіретке тап болдым», «Ит жоқта шошқа үреді деп осындайларға айтады. Мəн түгілі мəтінде жоқ,менталитетке жат... жазушы екен», «Масқара! Дамбалдан басқа жазуға түк таппағаны ма? Түсінуімше бұл кітап шыққалы жеті жыл болған. Балалар қазақша кітап оқымайды, қазақ мультфильмдерін көрмейді деп ренжиміз. Мынадай кітапты оқымағандарына қуану керек. Алпысқа келген аталарының жазған ертегісінің сиқы осы болса.... енді тіпті не айтуға болады...Масқара!!!», - десті желі қолданушылары.