“Баланы жеп қоя жаздаған” - Сәбиді талаған иттің иесі айыппұлмен құтылды (видео)

0
921

​Атырауда екі жастағы баланы талап тастаған питбульдің иесі жеңіл жазамен құтылып кеткен.


“Баланы жеп қоя жаздаған” - Сәбиді талаған иттің иесі айыппұлмен құтылды (видео)

ERNUR.KZ. Әдетте төбелеске қатыстырылатын иттің шабуылынан соң бала мүгедек болып қалған, деп жазады Экспресс К.

Оқиға өткен жылы Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданында болды. Кішкентай баланы питбуль тістеп тастаған.

"Сол күн әлі есімде. Ит баламның басының ақ сүйегіне деп тістеп, саусақтарын тістеп тастаған. Білегінің сүйегін шайнап тастаған. Жедел-жәрдемді күтетін уақытымыз болмады. Осы кезде полиция қызметкері Қанат Испусинов баламды өзінің киіміне орап, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бірнеше ай емделіп, үйге шықтық", — дейді баланың анасы.