​Балқашта ерлі-зайыптыларды аяусыз өлтіріп кеткен күдіктіге республикалық іздеу салынды

0
4 478

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Әлімбаев Руслан Александрұлының мекен-жайы анықталуда. Белгілері: Бойы 180-185 сантиметр, шымыр денелі, қой көзді, шашы қара түсті қысқа, түзу,


​Балқашта ерлі-зайыптыларды аяусыз өлтіріп кеткен күдіктіге республикалық іздеу салынды

ERNUR.KZ. Балқаш қаласының маңындағы Балқаш темір жол бекетіндегі ДЕПО аймағының басшысы Қайрат Хамзин мен оның жұбайы Айжан Хамзинаны өлтірген күдіктіге республикалық іздеу жарияланды, деп жазады NUR.KZ.

Марқұмдардың артында төрт баласы қалған. Олардың үлкені 13 жаста. Дәл осы үйдің үлкен ұлы әкесінің денесін моншадан, анасының мәйітін гараждан тауып алған. Жанұяның Балқаш бекетінде жекеменшік үйлері болыпты.

Анықталғандай, күдікті бұл үйге қонақ болып келген. Олардың арасында не болғанын тергеу жұмыстары анықтап жатыр. Алайда үйде ойнап жатқан төрт балаға күдікті келіп, олардың ата-анасы моншада шомылып жатқанын айтқаны анық.

"Ата-анасын көп күткен 13 жастағы бала моншаға барғанда әкесін пышақ жарақатымен тауып алған. Қазір жасөспіріммен психолог жұмыс істеп жатыр", - дейді марқұм жұбайларды танитын Балқаш тұрғыны.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер артынша төрт баланың анасын гараждан тауып алған.

Енді полиция күдіктіге іздеу жарияланғанын хабарлайды. Ол туралы ақпарат қазір Алматы мен Астананы қосқанда Қазақстанның барлық өңірлеріне, 14 облысына жіберілген.

Балқаш темір жол бекетінің тұрғыны өз клиентін бірден таныпты.

"Мен суретті көргенде қатты таң қалдым. Бұл жігіт менің шаштараздағы клиентім еді. Балқаш бекеті-барлығы бір-бірін білетін кішкентай ғана аймақ. Бұл азамат маған көп рет келген. Ол маған өте түсініксіз болып көрінді. Себебі ол ештеңе жоқ болса да қарап, күліп отыра беретін. Ол да осы бекетте тұрады", - деді есімін атамауды өтінген азаматша.

Бағдарлау мәтіні: Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Әлімбаев Руслан Александрұлының мекен-жайы анықталуда.

Белгілері: Бойы 180-185 сантиметр, шымыр денелі, қой көзді, шашы қара түсті қысқа, түзу,

Балқаш полициясы жұртшылық пен ішкі істер органдарының жеке құрамын Әлімбаевтың орналасқан жерін анықтауға және ұстауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қазан күні Балқаш темір жол бекеті маңындағы жекеменшік үйдің гаражында әйелдің, ал моншадан оның күйеуі- ДЕПО аймағы басшысының денесі табылған еді.

Қарағанды полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша марқұм әйелдің жасы 34-те, ал күйеуінің жасы 45-те болған. Іс қылмыстық кодекстің 99- бабы мен 2-бөліміне сәйкес қозғалған.

Бұл қылмыстық іске қатысты ешкім ұсталмаған. Қазір күдіктінің немесе күдіктілерді іздеу шаралары жүріп жатыр.