Адамдар отырған мұз жағадан шамамен 10 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.
ERNUR.KZ. Балқаш көлінде мұз бөлініп, 4 балықшыны ағызып әкетті, деп жазады ktk.kz.
Зардап шеккендермен телефон байланысы ұдайы жүргізіліп отырды. Төтеншеліктер Балқаш көлінде жылжып кеткен мұз үстінен төрт балықшыны құтқарып алды.
6 желтоқсан күні сағат 14:07-де Ақөлең ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде Балқаш көлінде мұз құрсауынан 4 адам құтқарылды. Мұз бөлініп, оның үстіндегі балықшылар ашық көлге кетіп қалған. Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің жедел тобы шықты.
Зардап шеккендермен телефон байланысы ұдайы жүргізіліп отырды. Адамдар отырған мұз жағадан шамамен 10 шақырым қашықтыққа кетіп қалған. Қатты толқынға қарамастан, құтқарушылар қысқа уақыт ішінде «Хивус» аэрокөлігімен балықшыларды тауып, 17:35-те оларды жағаға жеткізді.
Құтқарушылар қыс кезінде су қоймасында қауіп-қатер артатынын ескертеді. Су айдынындағы мұз үстімен жаяу жүру де, көлікпен жүру де өте қауіпті. Түнгі уақытта балық аулауға және аң аулауға жол берілмейді. Боранды күндері суға шығуға тыйым салынады.