Балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылар табылмай жатыр

0
1 751

Көлдің маңынан ерлі-зайыптылардың көлігі және киімдері табылды. Бірақ өздері жоқ.


Балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылар табылмай жатыр

сурет:ok.ru

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылар табылмай жатыр. Із-түзсіз кеткен адамдар Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз ауданының тұрғындары, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады.

«11 қараша күні Төтенше жағдайлар қызметіне ерлі-зайыпты жандардың жоғалып кеткендігі жөнінде қыздары хабарлады. Ал екі адам 9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай елді мекені арқылы Балқаш көліне балық аулауға кеткен. Көлдің маңынан ерлі-зайыптылардың көлігі және киімдері табылды. Бірақ өздері жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», - деді аталған ведомствоның өкілі Азамат Жұртбаев.

Төрт күннен бері хабар-ошарсыз кеткен жандарды төтенше жағдайлар қызметінің бес құтқарушысы іздестіріп жатыр.