Барахолкадағы жол апаты: жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

0
653

Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.


Барахолкадағы жол апаты: жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Барахолка базарында жүк көлігі қаққан жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп жазады sputnik.kz.

Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Үш баласын жетектеп жүгірген отбасы базарда жолды заңсыз жерден кесіп өтеді. Ағылған көліктен кері қашқанда, әйелдің жетегіндегі жасөспірім қызды жүк көлігі қағып кеткен.
"15 жастағы науқас Алматының "Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына" түсті. Көлік соққан кезде жасөспірім бірнеше метрге ұшып кеткен, басы асфальтқа соғылған. Қабылдау бөлімшесінің жағдайында клиникалық-зертханалық зерттеулер және мамандардың консультациялары жүргізілді", - дейді ведомство.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр.
"Науқас жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Жұмсақ тіндері көгерген. Сол жақтағы парието-оксипитальды аймақтың тері астында қан ұйыған. Оң жаңында тізе буынының, сол жақта шынтақ буынының, оң жақта қолдың көгерген абразиясы бар. Оң жақ жамбасы қатты соққыдан көгерген", - дейді дәрігерлер.
Науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.
Жол апаты жазылған бейнежазба қоғамда көптеген пікір тудырды. Басым көпшілігі жолды заңсыз жерден топты баламен кесіп өткен анасын кіналады. Еске сала кетейік, оқиға 25 шілдеде Алматының Барахолка базарының маңында болды.