Көмір өндіру мен оның айналымы саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілуде
иллюстрациялық фото: thedollarbusiness.com
ERNUR.KZ. Бас прокуратура көмір бағасының көтерілуін тексереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша көмір өндіру мен оның айналымы саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілуде.
Сондай-ақ, бас прокуратураға көмір саудасында нарықтың бөлек субъектілері тарапынан монополиялық және үстем жағдайды асыра пайдалану, олармен бәсекелестікке қарсы әрекет жасау және көп құрылымды делдалдар арқылы жұмыс істеу салдарынан қатты отынның бағасы жоғарлауда деген ақпарат түсуде.
Осыған байланысты нарықтың жосықсыз субъектілері арасында өзара сөз байласу әрекеттерін анықтау мен жол бермеу үшін тиісті жұмыстар қолға алынды.
Сонымен қатар облыс прокурорларына жылыту маусымында көмір бағасының себепсіз және бақылаусыз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды.