Бас прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің басшылығынан қандай мүлік тәркіленгенін айтты

0
560

Ұшақтар мен көліктер бар.


Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Қазір "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лдауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген 200 мың еуро мен 5,5 миллион долларды Ұлттық банкке аудару процесі жүріп жатыр, деп жазады Stan.kz.

"Бұдан бөлек Қапшағай қалылық сотының 95 миллиард теңге шығын келтірген С. есімді кеңсе басшысын колония-қонысқа ауыстыру туралы 2022 жыл 6 шілдедегі қаулысын жою жайлы жеке арыз жолданды", – деп мәлімдеді Бас прокуратура өкілдері.

Бұл іс бойынша 3,6 миллиард теңге, 4 ұшақ, 5 жер телімі, 15 автокөлік пен Алматыдағы 30 жылжымайтын мүлік нысандары тәркіленген.