Бұл науқастардың вирусты алып келмеуі үшін жасалынып отыр.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде блокбекеттердің неліктен алынбай жатқанын түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.
Бас санитар дәрігер карантин ережелері кезең-кезеңімен эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңілдетілетінін айтты.
Алматы облысында блокбекеттер алып тасталады, бірақ карантин жалғасады
"Қуанышқа орай, қазақстандықтар әуе рейстерімен көп ұшып жатқан жоқ. Екіншіден, біз өңірлердегі жағдайды бақылап отырмыз. Өңірлердегі көрсеткіш бірдей болуы керек. Бұл өте маңызды, бұл науқастардың вирусты алып келмеуі үшін жасалып отыр. Мүмкін жеңілдетудің келесі кезеңінде өңірлер арасындағы блокбекеттер алынады. Бүгінде кей өңірлерде эпидемиологиялық жағдайға байланысты блокбекеттер алына бастады", - деді бас санитар дәрігер.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8969-ға жетті.